Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

МАҚСАТ – ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ

 «Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Бұл ретте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді.

Мұндағы мақсат – елді мекеннің тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру. Әр апта сайын ұйымдастырылатын сенбілікке негізінен мекеме қызметкерлері тартылғанымен ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер де қалыс қалмай, өз үлестерін қосуда. Олар өз тұрғын үйлері мен қора-жайларының, кәсіпкерлік нысандарының айналасын тазалап, ретке келтіруде. Мұндай тазалық жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Дина ӘНЕТОВА,

Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT