Қазіргі қоғамда алаңдатарлық мәселелердің бірі – лудомания, яғни құмар ойынға тәуелділік.
Бұл дерт адамның тек қаржылық жағдайына ғана емес, оның психологиялық күйіне, отбасының берекесіне және қоғамдағы тұрақтылыққа да кері әсерін тигізеді. Құмар ойынға әуестенген адам уақыт өте келе қарызға батып, жақындарымен қарым-қатынасы бұзылып, өмірлік мақсаттарынан алыстай бастайды. Сондықтан лудомания мәселесіне бейжай қарауға болмайды. Бұл бағытта қоғам болып күресу маңызды. Әсіресе жастарды бос уақытын тиімді өткізуге, спортпен айналысуға, білім мен еңбекке ұмтылуға бағыттау қажет.
Өз тілшіміз


