Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ұлттық спорт – ел мерейі

Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар мен бапкерлерді Көшпенділер ойындарындағы жарқын жеңістерімен құттықтады.

Президент олардың жетістігі Қазақстанның ұлттық спорттағы абырой-беделін әлемге танытып, ел мерейін асқақтатқанын атап өтті. Көшпенділер ойындары – халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық спортын дәріптейтін маңызды халықаралық дода.

Бұл жарыста отандастарымыздың жоғары нәтиже көрсетуі – спортшылардың қажырлы еңбегі мен бапкерлердің тынымсыз ізденісінің жемісі. Ұлттық спортты дамыту – жас ұрпақты батылдыққа, төзімділікке, ептілікке тәрбиелеудің маңызды бағыты.

Спортшыларымыздың жеңістері жастарға үлгі болып, ұлттық ойындарға деген қызығушылықты арттыра түседі. Ел намысын абыроймен қорғаған спортшылар мен бапкерлердің әрбір жеңісі – барша қазақстандықтар үшін мақтаныш. 

Еңсеген ӘБИ, ардагер ұстаз

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT