Жаңа Конституцияда халықтың мемлекет ісіне қатысу тетіктері кеңірек қамтылғанын байқауға болады. Бұл азаматтық қоғамның рөлін арттыруға ықпал ететін маңызды бағыт. Әсіресе адам қадір-қасиетін қорғау мәселесінің алдыңғы қатарға шығуы – заманауи талаптарға сай қадам.
Сонымен қатар Парламенттің ықпалын күшейту арқылы заң шығару сапасын арттыруға негіз қаланады. Жер мен табиғи ресурстарға қатысты нормалардың нақтылануы ұлттық мүддені қорғауға бағытталған. Әлеуметтік жауапкершілік қағидалары да айқын көрініс тапқан. Осындай ұстанымдар Жаңа Конституцияның мазмұнын тереңдете түседі.
Гүлзура Тілеулесова,
аудандық кірістер басқармасының бас маманы


