Қызылқоға ауданы көлемінде 20-26 шілде аралығында өтіп жатырған “Аулада қабылдау“ акциясы кезінде Қоныстану ауылының тұрғындары арасында “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қабылдау барысында төмендегі бағыттар бойынша түсіндірме беріледі.
🔹 тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу;
🔹 интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары;
🔹 суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау;
🔹 кәмелетке толмағандардың мотокөлік басқаруына жол бермеу және жол қозғалысы қауіпсіздігі;
🔹 ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын сақтау, малды қараусыз жібермеу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу;
🔹 қоғамдық тәртіпті сақтау, көршілер арасындағы дау-дамайлардың алдын алу;
🔹 заң талаптары мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде құқықтық кеңестер.
Заңды құрметтеу – қауіпсіз қоғамның кепілі, ал қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Өз тілшіміз



