Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Ұқыптылық – оқушы әдебінің айнасы

 Мектептегі тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі – оқушыларды қоршаған ортаны қадірлеуге және өзінен кейін тазалық сақтауға үйрету. Осы мақсатта білім ордасында оқушылармен тазалық пен ұқыптылықты сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқушылар мектеп ауласын жинауға қатысып, айналаны ретке келтіруге өз үлестерін қосты. Бірлескен еңбек барысында балаларға қоқысты белгіленген орынға тастау, мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, сынып пен аула тазалығын күнделікті сақтау қажеттігі түсіндірілді. Тазалық жұмыстарына қатысу оқушыларды еңбекке баулып қана қоймай, олардың бойында жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастырады. Әр оқушы өзі білім алатын ортаның таза әрі жинақы болуына үлес қосуы – азаматтық жауапкершіліктің қарапайым көрінісі. Тазалық бір күндік науқанмен шектелмей, күнделікті әдетке айналғанда ғана нәтижесі болады. Сондықтан мектеп ұжымы мен оқушылардың бірлескен жұмысы бұл бағыттағы тәрбиелік шаралардың жалғасы болмақ.

Сандугаш Мергенғалиева, мұғалім

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT