Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

КӨШЕ ТАЗАЛЫҒЫ – КӨПТІҢ ІСІ

Ауданда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасып жатыр. Ауқымды экоакция шеңберінде өткен аудан орталығындағы көше тұрғындары да қалыс қалмауда. Атап айтсақ, №3 мөлтек ауданындағы Салық Зиманов көшесі тұрғындары сенбілік жасап, белсенділік көрсетті.

Осы тұста, көше тұрғыны Жаңабай Бисенов:

- Көшедегі тазалық өздігінен пайда болмайды. Бұл әр тұрғынның өз туған жеріне, ауылына деген қамқорлық, жанашырлықтан туындайды. Сол себепті, өз көшемізге сенбілік жасауға балаларымыз бен немерелерімізді ертіп шықтық. Өйткені, өсіп келе жатқан ұрпақ туған жердің тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндетіміз екенін білу қажет. Сонымен қатар, көктем айындағы тазалықты жалғастыру мақсатындағы челенджді ІІ-ші көше тұрғындарына жолдаймыз, - дейді.

 «Ауылына қарап – азаматын таны» демекші, ауданның тазалығы сіз бен біздің бет-бейнеміз. Ендеше, аудан тазалығын әр көше тазалығынан бастасақ, әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі болмақ.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT