Ардагер ретінде Құрылтайдың заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган ретіндегі маңызы ерекше деп есептеймін. Бұл – мемлекетіміздің демократиялық дамуының, халықтың мүддесін қорғаудың және заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі.
Мемлекет басшысының 2026 жылғы 15 наурызда Конституция ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қоюы – еліміздің құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам. Бұл бастамалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға қызмет етеді. Біз, аға буын өкілдері, заң мен тәртіптің сақталуы, елдің бірлігі мен берекесінің нығаюы әрбір азамат үшін маңызды екенін жақсы түсінеміз.
Сондықтан Конституция талаптарының толық орындалуы мен заңдардың әділ жүзеге асырылуы Қазақстанның жарқын болашағының негізі болады деп сенемін.
Аманжол ҚАПАШЕВ,
ардагер



