Мемлекет басшысының бастамасымен екі жыл бұрын басталған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы биыл да жалғасын табуда. Акция аясында сенбіліктер өткізіліп, ауыл көшелері мен ауыл сырты, саябақтар, тас жол бойына тазалық жұмыстары жүргізіліп, елді мекенді көгалдандыру бағытында тал көшеттері отырғызылып келеді. Әр апта сайын ұйымдастырылып келе жатқан тазалық жұмыстарына округтегі басқа мекемелермен бірге жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі де өз үлесін қосып келеді.
Екі топқа бөлініп, тазалық жұмыстарына кезекпен шығатын бөлімше қызметкерлері Үшінші, төртінші ықшам аудан және басқа да ауыл ішіндегі көшелерді, ауылдың батыс бетіндегі бөгеттің артын, ескі және жаңа қоқыс төгетін алаң аралығын, Ойыл өзені жағалауын қоқыстардан, түрлі тұрмыстық қалдықтардан тазалады. Тазалық тек мекеме қызметкерлерінің немесе коммуналдық қызмет мекемесінің ғана міндеті емес. Бұл – бәрімізге ортақ жауапкершілік. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы аясында бірге табиғатты аялап, қоршаған ортаны таза ұстауға баршамыз да атсалысайық.
Гауһар ҚАНАШЕВА,
жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесінің директоры



