Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАМАЙЫҚ

сурет ғаламтордан алынды

 Мемлекет басшысының ұсынысымен басталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы бүгінгі таңда бүкіл ел аумағында жалғасқан кең ауқымды шараға айналды.

Бұл игі бастаманы қолдап, эко-науқанға белсене қатысқан барлық мемлекеттік қызметкерлер, қоғам өкілдері, тұрғындар, еріктілер мен жастар тазалық шараларына қол ұшын беруде. Нәтижесінде ауылымыз көркейіп, таза әрі жайлы мекенге айналып келеді. Дейтұрғанмен соған қарамастан тазалыққа немқұрайлы қарап, көшеде, саябақтарда немесе табиғат аясында қоқыс тастап кететіндер әлі де бар. Бұл қоршаған ортаның ластануына әкеліп қоймай, ауылдың экологиялық ахуалына кері әсер ететіні сөзсіз. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, егер әркім өз ауласын таза ұстап, жүрер жолын түрлі қоқыс-қалдықтардан тазартып жүрсе, оның нәтижесі қоршаған ортаға да оң әсер ететіні анық. Сол себепті әрбір тұрғын туған жерінің көркеюіне бейжай қарамай, тазалықты сақтауға үлес қосса, қоршаған ортамыздың болашағы жарқын болмақ.

Сайлаубек ТЕМІРҒАЛИЕВ,

аудандық мәслихат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT