Қоршаған ортаның тазалығы – әрқайсымыздың күнделікті ісімізден басталады. Таза ауылда өмір сүру – бәріміздің ортақ тілегіміз.
Сондықтан көшеге қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, айналаны таза ұстау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі табиғатты қорғауға қосқан үлкен үлес деп есептеймін. Соңғы уақытта ұйымдастырылып жүрген сенбіліктер мен экологиялық акцияларға тұрғындардың белсенді қатысып жатқанын көру қуантады.
Осындай игі істер жалғасын тауып, әр адам туған жеріне жанашырлықпен қараса, ауылымыз бұрынғыдан да көркейіп, келер ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдырамыз.
Сәлима Махмудова, ауыл тұрғыны




