Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ АЯЛАЙЫҚ!

Табиғат пен адам қатар ұғым. Өйткені адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау – әр адамның міндеті.

Бұл ретте әр адам тазалық пен тәртіпті өз айналасынан, қоршаған ортасынан бастаса елге деген сүйіспеншіліктің айқын белгісі болары анық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, оған жергілікті әкімшіліктің, оған жауапты мекемелердің шаруасы деп қарамай, өзіміз тұратын үйдің төңірегін, көшемізді тазалап отырсақ өңіріміз ажарлана түспей ме?! Өйткені елдің мәдениеті, әдептілігі, жауапкершілігі, өзін-өзі сыйлауы тазалық шараларынан айқын көрініс табатындығы айдан анық.

Сондықтан әрбір тұрғын өзі тұрған көшесіне тазалық жұмыстарын жүргізсе, дер кезінде күл-қоқыстан тазартып, ағаш отырғызып жатса нұр үстіне нұр болар еді. 

Файзада САУҒАБАЕВА,

аудандық статистика бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT