Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚОРШАҒАН ОРТА ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЖОҒАЛТПАҒАН ЖӨН

Мен бұл өңірде өмір бойы ауыл шаруашылығында қызмет жасадым. Тіршіліктің өзі табиғатқа тәуелді екенін көзбен көрдік.

Қуаңшылық келсе – шөп шықпайды, шөп болмаса – мал ашығады. Осы қарапайым мысалдың өзі табиғаттың құдіретін көрсетіп тұр. Қазір табиғатты тек ресурс ретінде көретіндер көбейіп барады. Бұл — үлкен қателік. Табиғат – тұтынатын зат емес, ол – серігің, жан досың. Бұрын бұлақтың көзін ашу, тал егу, шөп шабу — бәрі табиғатпен тіл табысудың бір түрі еді. Қазіргі жастар осы құндылықтарды ұмытпай, табиғатпен үндесе өмір сүруі керек. Сонда ғана тіршілік берекелі болады. Ахмет АЙШАНОВ, еңбек ардагері

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT