Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Конституция – мемлекеттің іргетасы

 Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасына ұсынылған өзгерістер – еліміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Бұл бастама мемлекет басқару тетіктерін жетілдірумен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге бағытталғаны байқалады. Ең алдымен, ұсынылған түзетулер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен өзара бақылауды нығайтуды көздейді. Парламенттің рөлін арттыру, жергілікті өкілді органдардың өкілеттіктерін кеңейту – халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын нақты іске асырудың көрінісі. Бұл өз кезегінде шешім қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етіп, қоғамның саяси өмірге белсенді қатысуына жол ашады. Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау бағытындағы нормалардың күшеюі – Конституцияның басты құндылығы болып саналатын адамның қадір-қасиетін қорғауға негізделген. Әлеуметтік әділеттілік, заң үстемдігі және тең мүмкіндіктер қағидаттарының нақтылануы азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыра түседі. Ұсынылған өзгерістер ел дамуының жаңа кезеңіне сай құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Айнұр ТӨЛЕУ,

психолог

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

AQPARATPRINT