Конституция – мемлекеттің құқықтық негізі, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің басты кепілі. Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, әр адамның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етеді.
Конституцияда бекітілген негізгі қағидаттарды халық арасында кеңінен түсіндіру – құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызды бағыты. Әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін біліп, заң талаптарын құрметтеуі қажет. Құқықтық мәдениеті жоғары қоғамда заң бұзушылықтың алдын алу, әділдік пен тәртіпті сақтау мүмкіндігі де артады.
Ата Заңды құрметтеу – өз құқығыңды құрметтеуден басталады. Заңды білу және оны сақтау – әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі.
Төлеген ӘБИЕВ,
полиция ардагері




