«Заң мен тәртіп» – бұл жай ғана мемлекеттік ұстаным емес, ол қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің берік негізі. Заң үстемдік құрған жерде әділдік салтанат құрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сенімді қорғалады.
Ал тәртіп орныққан ортада қоғамдық келісім нығайып, адамдардың болашаққа деген сенімі артады. Қай кезеңде болмасын елдің қуаты оның табиғи байлығымен ғана емес, азаматтарының заңға деген құрметімен өлшенген. Өйткені заңды сыйлау – мемлекетті сыйлау, ал қоғамдық тәртіпті сақтау – ортақ жауапкершілікті сезінудің айқын көрінісі.
Сағидолла Яқып,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



