Қоғамның тыныштығы мен дамуы ең алдымен заң мен тәртіпке байланысты. Заң – мемлекеттің қабылдаған, барлық азамат орындауға міндетті ережелер жүйесі.
Ал тәртіп – сол заңдардың бұлжытпай орындалуы және әрбір адамның мінез-құлқының қоғам талабына сай болуы. Заң мен тәртіп бар жерде әділдік, бейбіт өмір мен қауіпсіздік орнайды. Ал заң бұзылған және тәртіп сақталмаған жағдайда анархия мен хаос пайда болады. Сондықтан әр азамат заңды құрметтеп, өз іс-әрекетіне жауапты болуы қажет.
Жеңісбек ҚОНЫС,
Миялы ауылы




