Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

сурет ғаламтордан алынды

 Қазіргі таңда ғаламтор адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселесі, әсіресе балалар үшін, ерекше назар аударуды қажет етеді. Баланың қалыпты дамуына кері әсер ететін экстремистік, зорлық-зомбылықты насихаттайтын, есірткі мен порнографияға қатысты ресурстар интернетте жиі кездеседі.

«Заң мен тәртіп» қағидаты әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, балаларды интернеттегі зиянды ақпараттан қорғау – ата-аналардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Заң талаптарына сәйкес, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау басым бағыттардың бірі. Осы орайда ата аналар балаларының интернетті пайдалануын бақылауда ұстап, әлеуметтік желілердегі байланыстарына назар аударуы керек. Компьютерлер мен смартфондарға «Ата-ана бақылауы» қызметін орнатып, тыйым салынған және қауіпті сайттарға кіру мүмкіндігін шектеген жөн. Сондай-ақ балаларға интернеттегі қауіптер туралы түсіндіріп, бейтаныс адамдармен байланысқа түспеу керектігін үнемі ескертіп отыру қажет.

Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі – оның болашағына жасалған қамқорлық. Заң мен тәртіп қағидаттарын басшылыққа ала отырып, өскелең ұрпақты зиянды ақпараттан қорғау – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. 

Е.Айтбаев,

аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT