Қоғамдық тәртіпті сақтау – қауіпсіз ортаны қалыптастырудың басты шарты. Заң талаптарын орындау, өзгенің құқығына құрметпен қарау және құқық бұзушылыққа бейжай қарамау әр азаматтың міндеті. Қоғамда заңға деген құрмет қалыптасқанда ғана тыныштық пен тұрақтылық нығаяды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу тек құқық қорғау органдарының жұмысы емес. Бұл – бүкіл қоғамға ортақ жауапкершілік. Әр тұрғын қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, айналасындағыларға құрметпен қарап, заңсыз әрекеттерге жол бермеуі тиіс. Құқықтық мәдениетті дамыту арқылы біз қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастыра аламыз. Заңды сақтау – әр азаматтың азаматтық парызы.




