Аудан аумағында 19-23 маусым аралығында жол-көлік оқиғаларын алдын алу және жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін арттыру мақсатында “ Автобус” жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Осыған орай жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер тексірілуде. Аталған іс-шараның мақсаты автобус жүргізушілері арасында жолда жүру тәртібін арттыру, автобустардың техникалық жағдайын тексеру болып табылады. Сондай-ақ, «Автобус» жедел- профилактикалық іс-шарасының барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол-көлік тәртібін арттыру және жол жүру ережелерін сақтау бойынша жүргізушілермен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын өткізуде.
Осындай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды.
Өз тілшіміз



