Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

 Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру – құқық қорғау органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі.

Осы мақсатта аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында аудан көлемінде кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері профилактикалық және тізімдік есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекен-жайларын аралап, олардың өмір салты мен заң талаптарын сақтау жағдайына бақылау жүргізді. Мұндай профилактикалық жұмыстар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, олардың заңға құрметпен қарауына және қоғамдағы жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.

Қайыржан ДҮЙСЕМБАЕВ,

аудандық полиция бөлімі бастығының жеке құраммен жұмыс жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT