Қоғамдық қауіпсіздік – әрбір азаматтың тыныш әрі қауіпсіз өмір сүруінің басты кепілі. Қоғамда тәртіп пен заң талаптары сақталған кезде ғана адамдар өздерін қауіпсіз сезініп, еңбек етіп, балаларын алаңсыз тәрбиелей алады.
Сондықтан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Осы орайда қазіргі таңда елімізде қауіпсіз қоғам қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша күнделікті қызмет атқарса, жергілікті атқарушы органдар тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында түрлі профилактикалық шараларды жүзеге асыруда.
Бейнебақылау жүйелерінің орнатылуы, көшелердің жарықтандырылуы және халық арасында түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Қоғамдық қауіпсіздік – тек мемлекеттік органдардың емес, барша қоғамның ортақ ісі. Сондықтан қоғамдық қауіпсіздікті сақтау ісіне әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Артур КЕНЖЕҒАЛИЕВ,
Миялы ауылдық округі әкімінің орынбасары




