Аудан көлемінде өткізіліп жатқан «Қауіпсіз отбасы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сағыз полиция бөлімінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды күшейтуде. Іс-шара барысында Сағыз ПБ ҚҚТ учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны С. Қаратаев пен полиция майоры Б. Қамысбаев жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, Сағыз ауылы бойынша профилактикалық есепте тұрған жайсыз отбасылар мен ерекше талап белгіленген тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларына тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру кезінде отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, отбасындағы ахуалға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заң талаптарын сақтау бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Қауіпсіз отбасы» іс-шарасының негізгі мақсаты – отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа бейім тұлғалармен профилактикалық жұмысты күшейту және қолайсыз отбасыларға уақытылы көмек көрсету.
өз тілшіміз




