Заң мен тәртіп қоғамның тірегі. Әр азамат заңға құрметпен қарап, өз міндетін адал атқарса, ел ішінде тұрақтылық пен сенім нығаяды. Тәртіп бар жерде жауапкершілік бар, ал жауапкершілік бар жерде даму бар.
Бүгінгі бейбіт өміріміз бен қауіпсіздігіміз заңның үстемдігі арқасында сақталып отыр. Әрқайсымыз заңды құрметтеу арқылы болашағымызды қорғаймыз. Даңқты қолбасшы Б.Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп айтқандай, барлық ортада әрбір азамат өзін әдепті, мәдениетті һәм тәртіпті ұстаса мемлекетте тыныштық орнап, істеген істе береке болып, адамдар арасында татулық орнайды.
Ол үшін алдымен азаматтарымыздың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін жаңа сапалық деңгейде көтеруіміз керек.
Елдос АРЫСТАНОВ, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы



