Конституция еліміздің негізгі заңы. Әрбір адам Конституцияны мемлекеттің өміріндегі маңызды оқиға ретінде қабылдауы тиіс. Бұл ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүйесін айқындайтын әрі бекітетін құжат.
Сол арқылы олардың орындалуына кепілдік беріп, мемлекеттің тұтастығы мен дамуын, гүлденуін қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, бұл мемлекеттің адамдарға үнемі инвестиция салып, ғылым мен білім беру жүйесін дамытып, ұлт сапасын тұрақты түрде көтеруге ниетті екенін көрсетеді. Жаңа Конституцияның жобасы еліміздің саяси жүйесін нығайтып, азамат пен мемлекет арасындағы сенімді арттыратын, демократиялық дамуымызға серпін беретін маңызды құжат. Сондықтан бұл бастама көңілге қонымды, әрі қоғамның сұранысына толық жауап береді деп сенемін.
Алмагүл ІЗБАНОВА,
еңбек ардагері


