Менің ойымша, «Таза Қазақстан» акциясының қоғам үшін маңызы өте зор.
Бұл тек сенбілік өткізу ғана емес, адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертетін тәрбиелік мәні бар жоба. Акция барысында жастар мен тұрғындардың бірлесіп еңбек етуі бірлік пен ұйымшылдықты нығайтады. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін.
Сағдат Ғазимов,
Жеке кәсіпкер



