Адамзат қоғамы қанша дамығанмен де ешқандай мемлекет заң мен тәртіпсіз өмір сүрмейді. Керісінше қоғам дамыған сайын заңға деген қажеттілік солғұрлым артады.
Адамдардың заңдық сапасы мен заңдық түйсігі де солғұрлым жоғары болады. Заң мен тәртіп болғанда ғана қоғам орнықты дамиды. Өйткені заң мен тәртіп қоғамның, азаматтардың мүдесін қорғау үшін басты кепіл. Сол себепті де әрбір азамат қоғамдық қатынаста заңда белгіленген әрекет өлшемдерін басты назарда ұстап, қоғамның орнықтылығы мен дамуына саналы түрде үлес қосуы керек.
Теміржан ҚАМАТҰЛЫ,
құқық қорғау саласының ардагері




