Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Заң және тәртіп» қағидаты – Әділетті Қазақстан құрудың негізгі шарты.
Бұл бағытта құқық қорғау органдарының ашықтығын арттыру, азаматтардың сенімін нығайту, профилактикалық шараларды күшейту маңызды рөл атқарады. Бірақ қоғамдағы тәртіп тек мемлекеттік құрылымдардың жұмысына ғана емес, әрбір адамның саналы ұстанымына да байланысты. Тәртіп сақталған жерде тұрақтылық орнайды. Әрбір азамат заңды сақтауға, өз құқығын қорғаумен қатар, өзгенің құқығын құрметтеуге міндетті.
Цифрлық дәуірде де ақпараттық мәдениет пен жауапкершілік заң мен тәртіптің жаңа өлшемі болып отыр. Интернеттегі этика мен әдептілік те қоғам мәдениетінің айнасы саналады. Жалпы заң мен тәртіпке құрмет – қоғамның өркениеттілік деңгейін айқындайтын басты көрсеткіш. Әр азамат өзінен бастап заңды сыйлап, тәртіпке бағынғанда ғана әділетті, тұрақты және қауіпсіз мемлекет қалыптасады.
Шалхар НАУРЫЗҒАЛИЕВ,
ішкі істер саласының ардагері




