Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қоғам болып күресейік

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – тек бір отбасының емес, бүкіл қоғамның мәселесі. Отбасында сыйластық, өзара түсіністік пен құрмет болған жерде ғана бала бақытты өсіп, берекелі қоғам қалыптасады.

Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеу – әр азаматтың міндеті. Осындай құқықбұзушылықтың алдын алу үшін тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсету маңызды. Әрбір адам үнсіз қалмай, заң аясында әрекет етсе, талай қайғылы жағдайдың алдын алуға болады.

Біз баршаны отбасындағы татулықты сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ортақ күресуге шақырамыз. Қауіпсіз отбасы – жарқын болашақтың кепілі.

Ақбота Жұмабай,

 Аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT