Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Коалиция мүшелері № 10 өрт сөндіру бөлімімен кездесті

Аумақтық «Әділетті және прогрессивті халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Өтеуғали Дүйсәлі, Толқын Бейсқали, Альберт Аққайнанов, Ризабек Амантайлар № 10 өрт сөндіру бөлімінің және аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Коалиция мүшелері жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты – адам мүддесін алдыңғы орынға қоятын, заң үстемдігі мен мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін әділетті әрі жауапты мемлекет құру екенін жеткізді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ халықты әлеуметтік қолдау, жастарды жұмыспен қамту, кәсіптік білім беру жүйесін дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер ететін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері қарастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT