Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚҰНДЫЛЫҚҚА ИЕ ТҰЖЫРЫМДАМА

сурет ғаламтордан алынды

 Алдымыздағы аға-апаларымыз тазалықтың алдымен адам жанынан басталатынын көп айтады. Әрі «таза» ұғымының мәні де кең, көкейге салар ойы да көп. Қазақта «Ары таза жі­гіт­тің – жаны таза» деген мақал бар.

Асан қайғы «таза, мінсіз асыл сөз» деп айтар ойдың да кемел, жүрекке жетер үлгісі бола­тынын еске салады. Ал Махмұд Қаш­қари өзінің «Диуани лұғат ат-түрк» атты еңбегінде «таза» сөзінің тікелей ма­ғы­насын беретін «арығ», «сұлудың» көне нұсқасы болып есептелетін «ару/аруғ», адалдықты сипаттайтын «түз/түзу», мінсіздікті меңзейтін «тенг» дейтін атау­ларды жазып кетіпті. Барлығы да «таза» ұғымының аясы қоршаған ортаны аялаудан әлдеқайда кең екенін аңғартып тұр.

Демек, Президент атап өткендей, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын қоғамда қоршаған ортаны қорғауды ғана көздемей, ниет пен іс-әрекеттің адалдығын қалыптастыратын бастама деп бағалаймыз. Ниеті таза азамат бүгінгі қоғамның жегі құртына айналған жемқорлықтан бойын аулақ ұстайды, өз міндетіне жауап­кершілікпен қарайды. Барды «бар», жоқты «жоқ» дей алады. Мемлекеттің өз халқының әл-аухаты мен тұрмысын жақсартуға, ұрпаққа дамыған, тәртіпті, заң үстемдігі орнаған қоғам қалдыру жолында барын салады. Бұл тұрғыдан қарастырғанда «Таза Қазақстан» қағидаты «Адал азамат», «Заң және тәртіп» тұжырымдамаларымен бірге тұтас құндылықтар жүйесін қалып­тастырып келеді. Сондықтан қоғамның бұл бастамалардың астарына терең үңіле білгені керек. 

Бекзат Тельманов,

Миялы ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT