Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанды құрудың және қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты негізі. Қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуы заңға құрметпен қарауға және әр азаматтың өз міндетін жауапкершілікпен орындауына байланысты.
Заң мен тәртіп үстемдік құрған ортада адамның құқығы қорғалып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік артады. Бұл ретте заңды сақтау өз құқығыңды ғана емес, айналаңдағы адамдардың да қауіпсіздігі мен бостандығын құрметтеуді білдіреді. Сондықтан саналы қоғам құру үшін заң талаптарын орындау күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.
Ерік НҰРСҰЛТАНОВ,
Сағыз ауылы




