Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» тұжырымдамасы заңға құрметпен қарауды, жауапкершілікті арттыруды және құқықтық сауаттылықты дамытуға жол ашты.
Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпті нығайтуға өз үлесін қосқанда ғана әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптасады. Заңға бағыну – тек міндет емес, ол саналы азаматтың өмірлік ұстанымы. Сондықтан «Заң мен тәртіп» қағидатын қолдау – еліміздің дамуына, қоғамдағы тыныштық пен бірліктің сақталуына қосылған маңызды үлес деп білемін.
Н.АМАНЖОЛОВ,
Миялы ауылының тұрғыны



