Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Құқықтық сауатты болайық

Заң талаптарын орындау тек құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік мекемелердің міндеті деп қарастырылмауы керек.

Ол – әрбір азаматқа ортақ жауапкершілік. Қоғамдық орында тәртіп сақтау, өзгенің құқығына құрметпен қарау, жол қозғалысы ережелерін бұзбау, құқық бұзушылыққа бейжай қарамау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі қауіпсіз ортаның қалыптасуына ықпал етеді. Әсіресе жас ұрпақтың бойына заңға құрмет сезімін сіңірудің маңызы зор. Бала отбасында көрген тәрбиесі мен қоғамдағы үлгі арқылы тәртіптің мәнін түсінеді.

 Осы ретте білім беру ұйымдарында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру өзекті болып қала береді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT