Заң мен тәртіп – әр азаматтың күнделікті өмірінен басталады.
Көшеде қоқыс тастамау, қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте тәртіп сақтау, жол қозғалысы ережелерін сақтау, ортақ мүлікке ұқыпты қарау – құқықтық мәдениеттің айқын көрінісі.
Заңды құрметтеп, қоғамдық тәртіпті сақтау арқылы ғана қауіпсіз, таза әрі жайлы қоғам қалыптастыра аламыз.
Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.



