Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Құқықты білу – өзіңді қорғау

сурет: ашық дереккөз

Қазіргі қоғамда құқықтық сауаттың маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Себебі күнделікті өмірде адам түрлі құқықтық жағдайларға тап болуы мүмкін. Оның үстіне интернет пен цифрлық технологиялардың дамуы алаяқтықтың жаңа түрлерін дүниеге әкелді.

Қызылқоға ауданында осы мәселелерге байланысты тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Әсіресе интернет алаяқтығы мен киберқауіпсіздікке қатысты ақпараттың маңызы зор. Адамның жеке дерегін, банк картасына қатысты мәліметтерді бөтен адамға бермеу, күмәнді сілтемелерді ашпау, бейтаныс қоңырауларға сақтықпен қарау – қазіргі заманның қарапайым қауіпсіздік ережелеріне айналды.

Аудандық орталық кітапханада өткен «Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті» атты дөңгелек үстел осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарының бірі болды. Кездесуге сот, полиция саласының мамандары, жастар және «Жасыл ел» жасағының мүшелері қатысып, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, интернеттегі қауіпсіздік жөнінде пікір алмасты.

Мұндай шаралардың құндылығы – заң баптарын жай ғана оқып беруде емес, күнделікті өмірде кездесуі мүмкін жағдайларды түсіндіруінде. Құқықтық сауаты жоғары адам алаяқтың арбауына түспеуге, өз құқығын қорғауға және заңсыз әрекетке дер кезінде баға беруге бейім болады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT