Аудандық ішкі саясат бөлімі аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, есепте тұрған отбасыларға профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында отбасы мүшелерімен жеке кездесулер ұйымдастырылып, құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік және психологиялық көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріліп, тұрғындардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды. Мұндай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады.
Өз тілшіміз



