Түнгі мезгілдегі қауіпсіздікті қадағалау барысында Мұқыр ауылында сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз қоғамдық орында жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталды.
Анықталған деректер бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442 бабына сәйкес тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.



