«Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру туралы бастама өте орынды деп есептеймін.
Себебі халықтың игілігіне бөлінген әрбір қаржы ашық әрі тиімді жұмсалуы тиіс. Комиссия құрамына қоғам өкілдерінің, депутаттардың, белсенділер мен журналистердің енгізілуі қоғамдық бақылауды күшейтіп, жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етеді.
Ең бастысы, бұл бастама халық сенімін арттырып, ел игілігіне бағытталған құрылыс жұмыстарының сапалы әрі нәтижелі жүзеге асуына ықпал етеді.




