Жексенбі күні өткен Құрылтай сайлауы ел халқының болашаққа сенімін айғақтап, ауызбірлігін көрсетті. Оған дәлел - аталмыш сайлауға ел халқының 74 пайызы қатысып, белсенділік танытуы.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өтіп жатқан Құрылтайдың І отырысында мәлімдеді. «Азаматтар елімізде жүзеге асып жатқан ауқымды өзгерістерді жаппай қолдауда. Мұны Құрылтай сайлауы айқын аңғартты. Халқымыз ел тағдырына әсер ететін тарихи таңдауын жасады.Жұртымыз бұл іске зор жауапкершілікпен қарап, қоғамымыздың ауызбіршілігін паш етті. Осылайша, ел бірлігінің мызғымас тірегіне айналған «Әралуан пікір – біртұтас ұлт» қағидаты нақты жүзеге асты” деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Президент ел ішінде кәсіби Парламентке деген сұраныс артқанын, Құрылтайға білікті мамандардың келуі – осының айқын дәлелі екендігін жеткізді. Айта кетейік сайлау қорытындысымен Құрылтайға 5 партиядан 145 депутат сайланды.
Бүгін депутаттар Құрылтайдың алғашқы отырысына қатысуда.
Есенбай НҰРОВ,
аудандық мәслихат депутаты



