Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Халық пен билік арасындағы байланыс

Референдум - бұл еліміздегі ең өзекті деген мәселелерді халық болып шешудің тетігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум өткізудің еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды қадам екенін ерекше атап өткен болатын. Бұл мемлекеттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын қалыптастыруда халықпен қоғамның және халықпен мемлекеттің арасындағы қарым -қатынастың жаңа форматы ретінде қарауға болады.

Себебі бұл референдумға халық қатысу арқылы осы қоғамымыздағы, мемлекетіміздегі өзекті мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарады. Жалпыхалықтық мәселе халықтың үніменен, халықтың дауыс беруімен шешуге өте ықпал етеді және бұл ашықтықты қамтамасыз етеді. Сондықтан референдум арқылы кез келген мәселенің мемлекеттің деңгейінде шешілуі қажет мәселелерде осы референдум жолын таңдау бұл демократияландырудың бір көрінісі ретінде де қарастыруға болады. Референдум арқылы халықтың үнін тыңдай отырып осындай өзекті мәселелерді шешуде маңызы зор деп есептеймін.

Нұрлан ҚОДЫБАЕВ,

Жангелдин ауылының тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT