«Таза Қазақстан» – бұл жай ғана акция емес, бұл – елге деген сүйіспеншілік пен ортақ жауапкершілік. Табиғатты аялау, айналаны таза ұстау – тек сенбілікте ғана емес, әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы керек.
Таза көше, таза аула, таза табиғат – халық мәдениетінің көрінісі. Осындай игі бастамалар адамдарды бірлікке, еңбекқорлыққа және жауапкершілікке тәрбиелейді. Қоршаған ортаны қорғау арқылы біз келер ұрпаққа көрікті де таза Қазақстанды аманат етеміз.
Ұлжан Отарбайқызы,
Қаракөл ауылының тұрғыны, зейнеткер




