Елімізде әр азаматтың құқығын қорғау, оның мүддесін ескеру және қоғамда әділдік орнату – өте маңызды мәселе. Ұсынылып отырған құжатта осы бағыттарға ерекше көңіл бөлінгені қуантады.
Қарапайым халық үшін ең бастысы – мемлекет жұмысының ашық әрі жауапты болуы. Бүгінде халықтың сенімін арттыру, азаматтардың пікірін тыңдау және олардың ұсыныстарын ескеру – заман талабы. Себебі елдегі тұрақтылық пен дамудың негізі – халық пен билік арасындағы өзара сенім. Тұрғын ретінде мұндай бастамалар қоғамдағы әділдік пен жауапкершілікті күшейтеді деп есептеймін.
Шұға Құлбалиева,
зейнеткер


