Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

КЕШЕНДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

сурет ғаламтордан алынды

 Жемқорлықпен күрес – еліміздің көптеген бағдарламалық құжаттарында негізге алынатын басымдықтар ретінде айқындалған. Соның дәлелі-қоғамның барлық саласына енгізіліп жатқан «Электрондық үкімет» жүйесі.

Жүйе ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету арқылы жемқорлықтың жолын кесуді көздеген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын ұзақ мерзімді бағдарлама бар. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заң жүзеге асырыла бастады. Аталмыш заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Сондай-ақ азаматтардың құқықтары ме бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік басқаруды бақылауға, тұрғындардың тарапынан мемлекетке және оның құрылымдарына сенім нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және оларды болдырмау, жасаған кінәлі тұлғаларды өз құзыреттілігі шегінде жауапкершілікке тарту секілді әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кейінірек Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды, мұнда «Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеті» туралы жеке бап енгізілген. Бұл заң аясында еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік бабын асыра пайдалануына жол бермеу үшін кешенді құқықтық жүйе қарастырылған. Жемқорлықпен күресте негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылатын бұл құқықтық құжаттар бүгінгі күні ел игілігі үшін жұмыс істеуде.

Сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдіру үстінде. Жалпы, еліміздегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің түпкі мақсаты - қоғамда оған «мүлдем төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыру арқылы оны біржолата жою болып табылады. Бүгінде осы салада атқарылып жатқан жұмыстар сол түпкі мақсатқа жеткізетіндігіне сенім мол!

 Қуандық САТУОВ,

аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT