Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

КЕЛЕШЕК ҰРПАҚҚА ҚАЛДЫРАТЫН АМАНАТ

Ауылдың көркі – оның таза көшесі, көгалданған ауласы мен табиғаты. Бұл – тек бүгінгі ұрпақ үшін емес, келешек ұрпаққа қалдыратын аманат.

Ауыл ақсақалдары мен үлкендері табиғатты аялау – ата-бабадан келе жатқан қасиетті дәстүр екенін үнемі айтып келеді. «Бір тал кессең, он тал ек», «Бұлақ көрсең – көзін аш» деген нақыл сөздер табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңызын білдіреді. Олар жастарды туған жерді қадірлеуге, қоршаған ортаны ластамауға, тазалықты сақтауға үндейді. Ал, таза ауыл – тұрғындардың мәдениеті мен бірлігінің көрінісі. Әр адам өз ауласын, көшесін таза ұстап, сенбіліктерге белсене қатысса, ауылымыздың ажары артып, өмір сүруге қолайлы мекенге айналады. Сондықтан ауылымыздың әрбір тұрғыны туған жердің тазалығын сақтап, кейінгі ұрпаққа көркейген, гүлденген ауылды аманат етуге үлес қосуы тиіс.

Қанатқали КАРИМОВ,

Тайсойған ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT