Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Черногория Президенті Яков Милатовичтің келіссөздері нәтижесінде қол қойылған құжаттар екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереді деп ойлаймын.
Әсіресе туризм, бұқаралық ақпарат құралдары және сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған келісімдердің маңызы зор. Ардагер ретінде халықаралық ынтымақтастықтың нығаюы елдің дамуына, халықтардың өзара түсіністігі мен мәдени байланыстарының артуына оң әсер ететініне сенемін.
Мұндай кездесулер Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Елдер арасындағы әріптестік неғұрлым берік болған экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқаты да соғұрлым жақсара түседі.
Еңсеген Әби, ардагер




