Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚАУІПСІЗДІК ӘРДАЙЫМ БАСТЫ НАЗАРДА

 Бүгінгі күні оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітіруші түлектер арасында түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №106-НҚ бұйрығына сәйкес, мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, демалыс орындарында және табиғат аясында өткізуге қатаң тыйым салынған.

Сонымен қатар автокөлік шерулері мен түнгі серуендер ұйымдастыруға да жол берілмейді. Осыған орай Сағыз ауылдық округ әкімі аппараты мен Сағыз полиция бөлімшесінің бірлескен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі туралы мейрамхана және кафе иелеріне де арнайы ескерту хаттары таратылды. Мұндағы мақсат – балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан ата-аналар, түлектер және кәсіпкерлер тарапынан түсіністік пен жауапкершілік таныту маңызды. Жас түлектердің болашағы мен қауіпсіздігі әрдайым басты назарда болады.

Әйгерім КЕҢЕСОВА,

Сағыз ауылдық округі әкімінің орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT