Қазақстанда Конституция – еліміздің барлық заңдары мен құқықтық жүйесінің ең жоғарғы қайнар көзі және негізі. Онда адам құқығы, бостандықтары мен міндеттері айқындалған. Заңның әділ әрі бірдей қолданылуы – демократиялық қоғамның басты белгісі.
«Заң және тәртіп» ұғымдары – бір-бірімен тығыз байланысты. Заң бар жерде тәртіп орнайды, ал тәртіпсіз қоғамда заңның құны төмендейді. Заң үстемдігі сақталған жерде қоғамдағы әділдік, қауіпсіздік және сенім нығаяды. Қазақстанның болашағы құқықтық мәдениеті жоғары, заң үстемдігі толық қамтамасыз етілген мемлекетке айналуына байланысты.
Айжарқын ҚАБИЕВА,
Миялы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы



