Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚАУІПСІЗДІК ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСАДЫ?

 Қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығы өздігінен қалыптаспайды. Оның негізінде заңға деген құрмет, қоғамдық тәртіп және әр азаматтың жауапкершілігі жатыр.

Бүгінде «Заң мен тәртіп» қағидаты ел көлемінде кеңінен насихатталып, құқық бұзушылықтың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты жұмыстармен сабақтасып келеді. Ауданның қай ауылына барсақ та, елдің көкейіндегі негізгі мәселенің бірі – тыныштық пен қауіпсіздік. Ата-ана баласының амандығын, жүргізуші жолдағы қауіпсіздікті, үлкен кісі ауылдағы тәртіпті ойлайды. Бір қарағанда, бұлардың әрқайсысы бөлек мәселе секілді көрінгенімен, барлығының түйіні бір жерге келіп тіреледі.

Ол – заңды сақтау. Заң мен тәртіп дегенде бірден полиция қызметін ғана елестету дұрыс емес. Бұл ұғымның ауқымы әлдеқайда кең. Көшедегі тәртіптен бастап, жол ережесін сақтауға, бала тәрбиесінен интернет қауіпсіздігіне дейінгі көптеген мәселе осы ұстаныммен үндеседі. Сондықтан заң талаптарын орындау – белгілі бір мекеменің ғана емес, барша азаматтың ортақ міндеті.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT