Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

"ҚАУІПСІЗ ЖОЛ" ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Аудан көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды Бүгін Қызылқоға ауданы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

10-12 тамыз аралығында республика көлемінде өтетін шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін болдырмау. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жолдағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын жіті бақылауға алып, жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға, жылдамдықты шамадан тыс арттыруға және жолдағы өзге де қауіпті әрекеттерге жол бермеуге басымдық беріледі. Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтап, өз қауіпсіздігімен қатар, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT